Маңғыстау облысында наурызда жоғалған адамды тікұшақпен іздеп жатыр.
Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 15 сәуір күні департаменттің жедел тобы «Қазавиақұтқарудың» МИ-8 тікұшағымен іздеу жұмысына аттанды.
Топ құрамында ТЖД бастығының орынбасары, подполковник Б.К. Әбдіқадыров, құтқарушылар мен дәрігер болды.
Олар 29 наурыз сағат 11.00-де Бейнеу ауданындағы үйінен шығып кетіп, содан бері оралмаған 1996 жылы туған азаматшаны іздеуге жұмылды. Сағат 11.40-та Бейнеу ауылында жедел топқа тағы 5 адам қосылды.
Тікұшақ Бейнеу ауылының солтүстік және солтүстік-шығыс бөлігінде 50 шақырым радиуста төмен биіктікте ұшты. Ойпаттарға, шатқалдар мен жартастарға ерекше назар аударылды.
Дегенмен іздеу жұмысы нәтиже берген жоқ.