Полицейлер 36 орындық автобусқа 52 жолаушы отырғызған өзбекстандықты ұстады
Полицейлер 36 орындық автобусқа 52 жолаушы отырғызған өзбекстандықты ұстады
Фото: ПД-нен алынды
359
оқылды
Түркістан облысында полицейлер өзбекстандық автобус жүргізушісін жауапқа тартты. Рейд кезінде «Алматы-Ташкент-Термез» тасжолының 749-775 шақырым аралығында YUTONG қоғамдық автокөлігін тоқтатады. Тексеру барысында автобустың ішіндегі жолаушы саны артық екені анықталды. Автобус 36 орынға арналғанымен, ішінде 52 жолаушы отырғызылған. Сондай-ақ көлік Сарыағаш ауданынан Алматы қаласына қарай бет алған. Әкімшілік құқықбұзушылық жасаған автобус жүргізушісі, Өзбекстан азаматына қатысты ҚР ӘҚБтК 590-бабы 5-бөлігі және 7-бөлігімен екі хаттама толтырылды. Одан бөлек 593-бабы 1-бөлігімен тағы бір хаттама жасалды. Қоғамдық автокөлік айыптұраққа қойылды. Осыған дейін Түркістан облысында автобус аударылып, үш адам қаза тапқанын хабарлаған болатынбыз.