«Алматы спецтехпаркинг сервис» директоры қамауға алынды
«Алматы спецтехпаркинг сервис» директоры қамауға алынды
Фото: optimism.kz
282
оқылды
Алматы қалалық сотының мәліметінше, «Алматы спецтехпаркинг сервис» ЖШС директоры Марат Пірінбеков екі айға қамауға алынды. Тергеу сотының қаулысымен сотқа дейінгі тергеу органының өтінішхаты қанағаттандырылды. «Тергеу сотының қаулысы бойынша соталды тергеп-тексеру органының өтінішхаты қанағаттандырылды. Сот «Алматы спецтехпаркинг сервис» ЖШС директоры Пірінбековке қатысты бұрын таңдалған 2 ай мерзімге, яғни 2022 жылдың 15 маусымына дейін қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады» делінген соттың хабарламасында.