СІМ Қазақстан елшілігі өкілдерінің Киевке оралғаны туралы ақпаратқа түсініктеме берді
СІМ Қазақстан елшілігі өкілдерінің Киевке оралғаны туралы ақпаратқа түсініктеме берді
©REUTERS
257
оқылды
Сыртқы істер министрлігі Қазақстан елшілігі өкілдерінің Киевке қайтып барғаны туралы ақпаратқа түсініктеме берді.  Әлеуметтік желіде Қазақстанның Украинадағы елшілігі өкілдерінің Киевке қайтып барғаны туралы мәлімет тараған болатын. Осыған байланысты Сыртқы істер министрлігі түсініктеме берді.
«Біздің елшілік Львов қаласында өз жұмысын жалғастыруда. Елшілік ғимаратын күзету және оған күтім жасауды қамтамасыз ету үшін қызметкерлердің бірі Киевке жіберілді», - делінген министрліктің баспасөз қызметі ұсынған мәліметте.