Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындылары бойынша, доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді, – деп хабарлайды ҚазАқпарат.
KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 4,60 теңгеге арзандады. 1 доллар 449, 85 теңге болды. Ұлттық банктің 18 сәуірдегі ресми бағамы – 1 долларға 454,85 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы 452,80 теңге, сатып алу – 456 теңге. Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы 450,43 теңгеден болса, ал сатып алу құны – 453,73 теңге.
Барлық құқықтар қорғалған. inform.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз https://www.inform.kz/kz/kor-narygynda-dollar-4-60-tengege-arzandady_a3924090