Қазақстанға 17 мыңға жуық ресейлік келді
Қазақстанға 17 мыңға жуық ресейлік келді
445
оқылды
Биыл қаңтар-наурыз ара­лығында Ресейдің 16 837 аза­маты Қазақстанда уа­қытша тұруға рұқсат алды. Бұл туралы ІІМ хабарлады. Ресейліктердің дені Қызылорда облысына келді. Сондай-ақ Ал­матыға – 2 116, БҚО – 1 677 және Қостанай облысына 1 525 ресей­лік орналасты. Ресей Федера­ция­­сы азаматтарының негізгі бөлігі (8 217) еңбек ету үшін ке­ліп отыр. Бұған дейін Ресейден – 170, Украинадан 7 адам Қазақ­стан азаматтығын алуға өтініш бергені хабарланған болатын. Одан бөлек, Ресейден келген 48 азамат пен 10 украиналық Нұр-Сұлтан қаласында тұруға ниет білдіргені белгілі болды.