Шымкентте ардагерлерге 1,1 миллион теңге берілетін болды  
Шымкентте ардагерлерге 1,1 миллион теңге берілетін болды  
Фото: elet.media
347
оқылды
Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлеріне бірреттік сыйақы беріледі. Шымкентте биыл майдангерлер 360 АЕК мөлшерінде, яғни 1 110 680 теңгеден сыйақы алады. «Қаражат ардагерлердің есепшотына аударылады. Оны алу үшін ешқандай құжат жинаудың қажеті жоқ. Себебі, біз зейнетақы төлеу орталығынан арнайы тізім аламыз. Сондай-ақ қалада соғыс ардагерлеріне теңестірілген азаматтар бар. Оларға 36 АЕК – 110 260 теңгеден төленеді. Бұдан бөлек 2500-ден астам тыл ардагеріне 12 АЕК беріледі, ол – 36 756 теңге. Бұл қаражаттар да бірреттік есепшоттарына түседі», – деді Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының бөлім басшысы Ұлдана Бекбау. Бүгінде Шымкентте 7 соғыс ардагері тұрады.