Көшеде асфальт төсеген мұғалімдерге қатысты видеоға колледж директоры пікір білдірді
Көшеде асфальт төсеген мұғалімдерге қатысты видеоға колледж директоры пікір білдірді
Фото: Видеодан скриншот
438
оқылды
Маңғыстау облысы Қарақия ауданында мұғалімдер сабақтан тыс уақытта директор қара жұмысқа салады деген арыз айтқан. Осы даулы видеоға қатысты Қарақия кәсіптік колледжінің басшысы Далабай Бекмағамбетов пікір білдірді, – деп жазады Lada.kz. Lada.kz редакциясына Қарақия кәсіптік колледжінің мұғалімі Бақдәулет Қуантұрұлы шағымын айтқан. Оның айтуынша, директор мұғалімдерді міндетіне кірмейтін қара жұмысқа салады.  width=
«Мұғалімдерді құрылыс жұмысын жүргізуге мәжбүрлемеуі тиіс. Мұндай жұмысты тапсырыс алатын мердігер мекеме қызметкерлері атқаруы тиіс», – дейді Бақдәулет Қуантұрұлы.
 width= Тіпті ол мұғалімдер ақша жинағанын да айтқан.
«40-тан астам мұғалім жалақымыздан директордың білім жөніндегі орынбасарына 240 мың теңге жинап бердік. Kaspi.kz арқылы қаржыны аудардық. Ол бұл қаржының қайда, не үшін жұмсалатынын да түсіндірмеді», – дейді мұғалім.
Осыдан кейін Қарақия кәсіптік колледжінің басшысы Далабай Бекмағамбетов дау-дамайға қатысты пікір білдірді.
«Асфальт төсеу менің бастамам емес. Оқушылардың жүріп-тұруына ыңғайлы болу үшін мұғалімдер өздері бастама көтеріп, жолды жөндесек деді. Сөйтіп, алаңды жөндеуге бастама көтерді.  Құрылысқа қажетті материалды өз күшіммен таптым, мұғалімдер асфальтті төседі. Аяқсыз қалған алаңның құрылысына қазынадан бір тиын қаржы жұмсалған жоқ», – дейді.
  Оның айтуынша, мәжбүрлеп қаржы жинады деген ақпарат шындыққа жанаспайды. Енді мұғалім Бақдәулет Қуантұрұлы облыстық білім басқармасына мен облыс әкіміне арызданбақ.