Ақтөбеде тағы бір қаржы пирамидасы анықталды
Ақтөбеде тағы бір қаржы пирамидасы анықталды
Фото: ru.sputnik.kz
149
оқылды
Қаржы мониторингі агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша аумақтық департаменті қызметкерлері GAP қаржы пирамидасын әшкереледі. Агенттіктің хабарлауынша, қазіргі таңда Қылмыстық кодекстің 217-бабы 1-бөлігі «Қаржы пирамидасын құру және басқару ісі» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
«Ұйымдастырушылар өзін GAP тұтыну кооперативі ретінде танытып, тұрғындарға ақшасын жылжымайтын мүлік пен автокөлік сатып алуға салуды ұсынған. Ол үшін азаматтар кезекке тұру мақсатында тұрғын үй немесе автокөлік құнының 10% бастапқы жарнасын төлеуі қажет. Осылайша, қаржы жинаған. Тергеу жүргізіліп жатыр» делінген ресми хабарламада.
Бұған дейін Ақтөбеде 400-ден аса адамға екі миллиард теңгеден астам шығын келтірген қаржы пирамидасын ұйымдастырушы сотталғанын хабарлаған болатынбыз.