Алматы қалалық полициясы жабайы саудаға қарсы рейд өткізді.
Розыбакиев көшесінің бойында тұрғындардың заңсыз сауда жасағаны анықталды.
Тексеруге наразы саудагердің бірі көліктің астына түспек болды. Ашуланған әйел көшенің ортасына барып жатып алды.
«Тәртіпке бағынбағандар арасында 1962 жылы туған А. есімді әйел бар. Ол полицейлердің заңды талаптарына бағынғысы келмей, жолға жүгіріп шықты. Оған қатысты әкімшілік хаттама толтырылды», – деді полицей.