Алматы мен Нұр-Сұлтандағы 11 ғимаратқа жарылғыш зат қойылғанын хабарлаған күдікті ұсталды
Алматы мен Нұр-Сұлтандағы 11 ғимаратқа жарылғыш зат қойылғанын хабарлаған күдікті ұсталды
© informator.ua
305
оқылды
Нұр-Сұлтан мен Алматыда орналасқан бірқатар ғимараттарға жарылғыш зат қойылды деп жалған хабар таратқан адам ұсталды, – деп хабарлайды Терроризмге қарсы орталығының баспасөз қызметі. Осыған дейін, яғни, 4 сәуірде Нұр-Сұлтан мен Алматының бірқатар мекемелерінің электронды пошталарында жарылғыш зат қойылған туралы ақпарат тараған болатын.
"Осыған байланысты арнайы жүргізілген жедел іздестіру шараларының барысында Қостанай облысы Жітіқара қаласының 1986 жылы туған тұрғыны ұсталды. Ол осы қаладағы мекемелердің бірінде IT маманы болып қызмет еткен. Ол өзінің ақпараттық технологиялар саласындағы біліктілігін пайдалана отырып, елорда мен Алматының ірі нысандарының мекенжайларына хабар таратқан", – делінген хабарламада.