АҚШ-та құран сүрелерін оқытатын қазақ мектебі ашылды
АҚШ-та құран сүрелерін оқытатын қазақ мектебі ашылды
505
оқылды
Екі жылдан бері қазақ қауымдастығының жұмыстарымен айналысып жүрген Жұлдызай Исмайлова «АҚШ-қа келгенімде өзге ұлт өкілдерінің мектебін көріп, өз білім ошағымыздың болуын қаладым» дейді. Сөйтіп, Kazakh American қауымдастығының қолдауымен АҚШ-тағы Пенсильвания штатының Филадельфия қаласында қазақ мектебін ашты. Қазір білім мекемесіне 6 жастан 16 жасқа дейінгі балалар қабылданады. Ондағы оқушыларға құран сүрелерін оқытып, еліміздің Әнұранын жаттатып, ұлттық аспаптарда ойнауды үйретеді.  қазақ – Осында дүниеге келіп, АҚШ азаматтығын алған қазақ балалары өте көп. Олар көз ашқалы АҚШ-та тұрғандықтан сол елдің менталитетіне сіңісіп кетеді. Әрине, ата-аналар үй ішінде балаларын қазақи тәрбиелейді. Дегенмен орта өзінікін сіңіреді. Содан балалар қазақша сөйлеуден, түсінуден қалады. Сол елдің тілінде сөйлеп, өседі. Міне осы балалар шыққан тегін ұмытпас үшін қазақ тілін, тарихын, салт-дәстүрді, құран-сүрелерін оқытамыз, – дейді мектептің құрылтайшысы Жұлдызай Исмаилова. қазақ Оның айтуынша, әзірге мектепте 6 жастан 9 жасқа дейін және 10 жастан 16 жасқа дейін екі сынып бар. Үш кабинеттен тұратын білім ордасының екеуінде сабақ өтсе, үшіншісі – ән-күй кабинеті. Қобыз, домбыра секілді ұлттық музыкалық аспаптарда ойнауды үйретеді.