Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Жаңалықтар

Ерейментауда бір үйір жылқы суға батып кеткен

Ұшты-күйлі жоғалған жылқылар 12 сәуір күні Қызылсор көлінен табылды.

Абзал АЛПЫСБАЙҰЛЫ Абзал АЛПЫСБАЙҰЛЫ
Сәуір 19, 2022
Ерейментауда бір үйір жылқы суға батып кеткен 1
297
қаралым

Ерейментауда жоғалып кеткен бір үйір жылқы суға батып кеткен. Суға батқан 14 бас жылқының өлігін полицейлер Қызылсор көлінен алып шықты, – деп хабарлайды Aikyn.kz порталының тілшісі.

Бір үйір жылқысынан бір-ақ күнде айырылған Ерейментау ауданының 45 жастағы тұрғыны полицияға өткен жылдың желтоқсанында-ақ жүгінген. Бірақ қыс ортасында сол кеткеннен мол кеткен 14 бас жылқы еш жерден табылмаған.

«Ер адам жылқыларының 2 желтоқсаннан 8 желтоқсан аралығында жайылым жерде еркін жайылып жүргенін содан біржола жоғалып кеткенін айтқан. Шығын сомасы 7 миллион 500 мың теңгені құрады. Тергеу бөлімі Қылмыстық кодекстің 188-1-бабының 2-тармағы «Мал ұрлығы» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастаған еді», – дейді Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Үш ай бойы жылқыны іздеген Ерейментау ауданының полиция қызметкерлері барлық іздестіру шараларын жүргізен. Тәртіп сақшылары аудан аумағындағы ой мен қырды, алаңқай жерлер мен ағаштардың арасын түгел сүзіп, тіпті мал тасымалдаумен айналысатын автокөліктер мен мал етін сататын базарларды да аралап шыққан.

«Ұшты-күйлі жоғалған жылқылар 12 сәуір күні «Қызылсор көлінен табылды. Резеңке қайықтарды қолданған учаскелік полиция инспекторлары мен жедел қызметкерлер көл түбінен өз күшімен суға батып кеткен жылқыларды алып шықты. Жылқылардың қысқы уақытта жұқа мұздан суға құлап өлгені анықталды», – деп толықтырды полицияның баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша құрамында қылмыстық іс болмауына байланысты қылмыстық іс тоқтатылды.

Абзал АЛПЫСБАЙҰЛЫ,
Ақмола облысы

Тегтер: Ерейментаужылқысу
Реклама на Aikyn.kz

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырауда көпірден сүйек қалдықтарын лақтырған ер адам видеоға түсіп қалды

Сарқанда бес жасар баланың мүрдесі қоқыста үш ай бойы жатқан

Қазақстанда темекі бағасы бірден  қымбаттауы мүмкін

Алуа Балқыбекова әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Жеңілдетілген автонесие бойынша тағы бір банк өтінім қабылдауды бастады

Қостанайда жанып жатқан көліктен ер адамды құтқарған сәт видеоға түсіп қалды

Зейнет жасына жетсе де жұмыстан кетпейтіндер жастар сынына ұшырады

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
Реклама на Aikyn.kz
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru

Liter.kz - новости Казахстана

Яндекс.Метрика
  • AMANAT
  • Жазылу
  • Байланыс
  • Редакция
  • Жарнама

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»