Ішкі істер министрлігінің Тергеу департаменті 158 адамның қаңтар оқиғасы кезінде ауыр қылмыс жасады деген күдікке ілінгенін хабарлады. Бүгінде тергеушілер 1 260 қылмыстық істі сотқа дейінгі тергеп-тексерумен айналысып жатыр.
«Ауыр қылмыс жасады деген күдікке ілінгендердің кінәсі негізінен қылмыс жасалған орындардан алынған бейнежазбалар, куәлар, сондай-ақ алынған заттай айғақтар арқылы дәлелденеді. Жақын арада қылмыстық процестің үш буынды моделі шеңберінде және прокурорлардың келісуімен осы қылмыстық істер бойынша тиісті процестік шешімдер қабылданады», –деді Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов, бұл істер бойынша 158 адам қамауда отырғанын жеткізді.