Бүлікшілерге ақша төленген
Бүлікшілерге ақша төленген
162
оқылды
Қаңтар оқиғалары кезінде азаматтардың мүліктері мен мемлекеттік нысандарды басып алуға қатысқандарға 20-100 АҚШ доллары көле­мінде ақы төленген. Мұндай мәлімдемені Бас про­куратураның І қызмет бас­ты­ғы­ның орынбасары Елдос Қилым­жанов жасады. Құзырлы орган оқиғаны ұйымдастырушылары мен қатысушыларын анықтау және оларды жауапкершілікке тарту бағытында белсенді жұмыс жүргізіп жатыр. Нәтижесінде, Алматы облысында О. және Н. есім­ді азаматтар анықталды, олар Талдықорған қаласында қира­тулар, азаматтардың мүліктерін жою және мемлекеттік объек­тілерді басып алу қатысушыларын қаржыландырған екен. «Бұл фактілер тергеу бары­сын­да анықталды. Оны жаппай тәр­тіпсіздіктерге қатысқаны үшін күдікке ілінгендердің де жауап­тары растады. Жамбыл облысы­ның тұрғыны 2022 жылғы 4 қаң­тарда Алматы қаласында болып, Telegram канал ашып, оған са­наулы сағаттарда бірнеше мың қатысушы жазылды. Осы Тele­gram канал арқылы оның қаты­сушы­лары баррикадаларды құру, «Мо­лотова» коктейльдерін да­йын­дау және құқық қорғау қыз­мет­кер­леріне қарсылық білдіру үшін толық нұсқаулық алып отыр­ған. Кейін биыл 5-6 қаңтарда аталған канал арқылы қирату­шы­лардың қозғалысы және олардың Жамбыл облысының мемлекеттік объек­тілеріне жасаған шабуыл­дарын түзету туралы ақпарат жүрді. Кү­дікті адам анықталды және ол қазір қамауда. Осы өңірде «Газель» автокөлігінің жүргізушісі С. және оның жақтасы К. есімді азаматтар анықталды. Олар атал­ған көлік­пен жүріп, алдын ала дайындалған арматураны, ұр­ланған полиция­ның қалқан­дары мен бронжи­леттерін таратқан» деп атап өтті спикер.

Ш.АТЫХАН