Смартфон өртеніп, бір үйді отқа орады
Смартфон өртеніп, бір үйді отқа орады
277
оқылды
Өскеменде пәтерде токқа қосылған смартфоннан өрт шығып, тұрғындар эвакуа­ция­ланды. 18 сәуірде сағат 23.30 шама­сында Чернова көшесінде өрт болған. Көпқабатты үйдің екінші қабатындағы пәтерде жиһаз, терезе және есік блоктары, жеке заттар жанып кетті. Қауіпсіздік мақсатында №7 өрт сөндіру бө­лімінің қызметкерлері 6 тұрғынды эвакуация­лады. Зардап шеккен ешкім жоқ. Тілсіз жаудың жалпы ауданы 45 шаршы метрді құраған. Пәтер иесінің айтуынша, ол үйден кетіп бара жатып ұялы телефонды ток­қа қосып кетіпті. Қайтып орал­ған­да пәтер іші отқа оранған. Осы ретте құтқарушылар өңір жұрт­шы­лығына өрт қауіпсіздігі ереже­лерін қатаң сақтау қажеттігін ескертеді.