Елімізде адам құқықтары мен бостандығын қорғау сапалық жаңа деңгейде жүзеге асырылатын болады. Бұған таяуда қабылданған адам құқықтары туралы Президент Жарлығы дәлел. Ендеше заңның үстемдігі мен демократиялық құндылықтар Қазақстан үшін әлемдік қауымдастыққа ықпалдасудың бір тетігі болып қала бермек.Эльвира ӘЗІМОВА,
Қазақстандағы Адам құқықтарыжөніндегі өкіл:
– Президент Қасым-Жомарт Тоқаев таяуда адам құқықтары саласындағы шараларды кеңейту туралы Жарлыққа қол қойды. Атап айтқанда, Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының адам құқықтары саласындағы одан арғы шаралары туралы» 2021 жылғы 9 маусымдағы өз Жарлығына қосымша тармақша енгізді. Онда адам құқықтары мен заңның үстемдігі саласындағы одан әрі шаралар жоспарын бекіту туралы айтылған. Бұл Жарлық іс жүзінде Үкімет жұмысының жаңа бағыттарымен (өткен жылғы маусымда қабылданған Жол картасына сәйкес) толықтырылады.
Ал былтырғы маусымдағы Жарлық заңның үстемдігін қамтамасыз ету тұрғысынан Үкіметтің адам құқықтары саласындағы жұмысының жаңа қосымша бағыттарын айқындайды. Бұл адам құқықтарын қорғау кепілдігі заңды, қолданыстағы құқықтық құралдарды жетілдіру арқылы қамтамасыз етілуге тиіс дегенді білдіреді. Заңның үстемдігі тұжырымдамасы ешкімнің заңнан жоғары бола алмайтынын, заң алдында бәрі тең екенін, ешкімді заңмен белгіленген тәртіппен және оны бұзғаны үшін ғана жазалауға болмайды, яғни заңдылық пен әділеттілік – адам құқықтарын тиімді қорғау үшін қажет өзара байланысты екі талап.
Мысалы, өткен жылы бірінші кезектегі шаралар жоспарына сәйкес, 2021 жылғы желтоқсанда Парламент медициналық қызметті қылмыстық-атқару жүйесінен азаматтық денсаулық сақтау жүйесіне беру туралы заң қабылдады, яғни қамауда отырған адамдарға, олар жазасын өтеп жатқан мекеме әкімшілігінің шешіміне қарамастан, азаматтық денсаулық сақтау жүйесіне қол жеткізу қамтамасыз етілді. Сонымен бірге іс жүзінде ауруға байланысты ағзадағы өзгерістердің қайтымсыз процесі байқалатын және адамға арнайы күтім мен емдеу қажет болатын жағдайлар бар. Алайда соттар қамаудағыларды шартты түрде мерзімінен бұрын босатудан немесе қамауға алуды бас бостандығын шектеудің балама шараларына ауыстырудан бас тартады. Сондықтан медициналық қызметті беру туралы айту жеткіліксіз, әділ және заңды шешім қабылдаудың нақты тетіктерін қамтамасыз ету қажет.
Естеріңізде болса, азаматтар мен қоғамшылдардың әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылық туралы жиі жүгінулерін биыл 16 наурызда өзінің Жолдауында атап өткен болатын. Ел Президенті қабылданған Жарлықта мемлекеттік саясаттың құқық қорғау қызметі бағыттарының ішінде әйелдерді кемсітушілікті жою ерекшеленеді. Біз әйелдердің тұрмыстық зорлық-зомбылыққа сенімді қарсы тұруы үшін олардың әлеуметтік және экономикалық мүмкіндіктерін кеңейтуге тиіспіз. Өйткені бұл жасалған бұзушылықтар үшін жазалау туралы ғана емес, оларға әлеуметтік қолдау арқылы ескерту керек. Бұдан басқа, мемлекетті басқаруға қатысуға тең мүмкіндіктер жасау үшін осал топтар үшін Парламент деңгейінде квоталау тетігін белгілеу ғана жеткіліксіз, жергілікті деңгейде тең және әділ қол жеткізу мен ынталандыру құралдары саясатын ілгерілету қажет.
Құжатта айтылған тағы бір бағыт – бірігу бостандығына байланысты. Бүгінде Қазақстанда 22 мыңнан астам үкіметтік емес ұйым тіркелген. Алайда сан-сапа көрсеткіші емес.
Үкіметтік емес ұйымдарды құрудың және олардың қызметін тоқтатудың икемді жүйесін, мемлекеттік қолдау мен гранттық көмекке қол жеткізудегі құзыретті ескере отырып, олардың айқын әрі адал бәсекелестігін енгізу, сұранысқа ие ұзақмерзімді және өнімді жобалар құру қажет.
Сондай-ақ қабылданған Жарлықпен айқындалған басқа бағыт ретінде қылмыстық сот төрелігі және азаптаулар мен қатыгездікпен қараудың алдын алу саласындағы адам құқықтарын сақтау аталды. Бұл тақырып, әсіресе қаңтар оқиғаларына байланысты ұстау мен тергеудің рұқсат етілмеген әдістері туралы хабарламалар аясында өткір тұр. Қазақстан Конституциясының 17-бабында: «ешкімді азаптауға, оған зорлық-зомбылық жасауға, басқадай қатыгездік немесе адамдық қадір-қасиетін қорлайтындай жәбір көрсетуге не жазалауға болмайды». Мемлекет әрқашан халықаралық деңгейде азаптауға мүлдем төзбеушілік ұстанымын білдірді. Өкінішке қарай, соңғы оқиғалар мәселенің шешілмегенін тағы бір рет көрсетті. Сондықтан прокуратураға тергеу функциясын беруден басқа, мұндай бұзушылықтарды тергеу әдістемесі қайта қаралуы керек. Азаптауға жол беретіндер жазаның сөзсіз және қатал болатынын түсінуі керек. Соңғы үш жылда уәкілге жүгінудің келесі «жетекші» санаттарын бөлуге болады. Біріншісі – қылмыстық жазаны орындау саласындағы адам құқықтарын сақтау мәселелері. Екіншісі – азаптаулар мен қатыгез қарым-қатынастың өзге де түрлерін қолдану. Үшіншісі – сот төрелігіне жеткіліксіз немесе толық емес қол жеткізу. Конституциямен кепілдік берілген адам құқықтары нақты режимде сақталуға және қорғалуға тиіс.
Сондықтан қабылданған міндеттемелердің орындалу тиімділігін тұрақты негізде мониторингтеу және бағалау қорытындысы бойынша тиімсіз құқық қорғау құралдарын қайта қараудың мемлекеттік тәсілін қолдаймын.