Mudarabah Capital қаржы пирамидасының ісі: 4 адам қамауға алынды
Mudarabah Capital қаржы пирамидасының ісі: 4 адам қамауға алынды
Фото: видеодан скриншот
279
оқылды
Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, Mudarabah Capital қаржы пирамидасының төрт ұйымдастырушысы қамауға алынды. «Қаржы пирамидасына қатысты іс бойынша тағы үш фигурант анықталды. Мәселе «MUDARABAN CAPITAL» серіктестігінің қатысушылары – бұған дейін кепілмен босатылған Ш. және Т, сондай-ақ сотқа дейінгі тергеу барысына үйқамаққа алынған М. және К. турасында болып отыр», – деді департамент өкілі. Бұған дейін Mudarabah Capital-ға 20 миллион теңгесін салған салымшы Бағила Досмайылова астанада Ішкі істер министрлігінің алдында үстіне бензин шашып, өзін өзі өртеп жібергенін хабарлаған болатынбыз.    https://youtu.be/pIV31IuJGaA