Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Жаңалықтар

Министр Жамбылдағы жарылыстан кейін жоғалған әскери қызметшіге қатысты мәлімдеме жасады

Жақсылықовтың айтуынша, алда әлі ауқымды жұмыс күтіп тұр. Мамандар жерді жіті тексеріп, топырақты електен өткізуі керек.

Рая Мінап Рая Мінап
Сәуір 20, 2022
жарылыс

Фото: Aibat

2.4k
қаралым

Жамбыл облысындағы жарылыс кезінде із-түссіз жоғалып кеткен әскери Бауыржан Дәуітбаевты іздестіру жұмыстары жалғасуда. Қорғаныс министрлігі әскеридің отбасына оны қаза болды деп тану туралы ұсыныс жасаған. Бұл туралы қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов мәжіліс кулуарында мәлімдеді. 

Қысқы уақытта ауа райының қолайсыздығына байланысты іздеу жұмыстары тоқтаған.

«Мен оның жақындарымен кездестім. Ауа райының қолайсыздығына байланысты қысқы уақытта біз іздеуді тоқтаттық. Қазір жұмыс қайта жанданды. Әскери қызметкердің қалдықтары жайлы сөз қозғағымыз келмейді, бірақ жұмыстар жалғасуда. Егер де ол жарылыстың эпицентрінде болса, ол жерде ештеңе қалмауы мүмкін емес», – деді министр.

Жақсылықовтың айтуынша, алда әлі ауқымды жұмыс күтіп тұр. Мамандар жерді жіті тексеріп, топырақты електен өткізуі керек.

«Бұл – үлкен шығын. Уақытты да, адамдар күшін де талап етеді. Отбасының жағдайын түсінемін. Оларға  қаза болды деп тану туралы ұсыныс жасадық. Сонда қарулы күштер тарапынан да төлемдер жасалады. Отбасын түсінеміз, сондықтан іздеуді жалғастырамыз. Тек біз емес, ішкі істер органдары жұмыс істеуде», – деді Жақсылықов.

Кіші сержант Бауыржан Дәуітбаев 2021 жылдың 26 тамызында Тараз маңындағы әскери бөлім қоймасында болған жарылыс кезінде жоғалып кетті.

Тегтер: әскери бөлімәскери қызметшіЖамбылжарылысіздеу

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ұлдарыңыз өзіңізден асып түссін! – Гүлнұр Оразымбетова күйеуін құттықтады

Ақтөбеде 48 жастағы тұрғын қарасора өсіретін зертхана ұйымдастырған

Алматылықтарға демалыс күндері сыртқа шықпау ескертілді

Талдықорғанда жаппай төбелес болып, күзетші соққыға жығылды

Ақтөбеде қаржы пирамидасын құрған күдіктіге іздеу жарияланды

Ертіс өзенінен әйелдің денесі табылды

Қарағандыда 54 миллион теңгенің рельсі ұрланды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru

Liter.kz - новости Казахстана

Яндекс.Метрика
  • AMANAT
  • Жазылу
  • Байланыс
  • Редакция
  • Жарнама

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»