Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті, – деп хабарлайды ҚазАқпарат.
KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 0,18 тиынға қымбаттады. Бір АҚШ долларының орташа бағамы – 444, 03 теңге.
Ұлттық банктің 20 сәуірдегі ресми бағамы – 1 долларға 443,57 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы – 444,95 теңге, сатып алу – 448,89 теңге.
Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы – 445,15 теңгеден болса, сатып алу құны – 447,76 теңге.