ҰБТ-ның тегін сынақ тестілеуі іске қосылды
ҰБТ-ның тегін сынақ тестілеуі іске қосылды
Фото: 24.kz
Тегін ҰБТ сынақ тестілеуі іске қосылды. Тестілеуден Ұлттық тестілеу орталығының prob-ent.testcenter.kz сайтында онлайн өтуге болады. Тестіленуші сынаққа қатысу үшін бар болғаны ЖСН-ын енгізіп, бейіндік пәндер комбинациясын таңдай алады, – деп хабарлады Білім және ғылым министрлігі Талапкер сынақ тестілеуінен өту кезінде тест тапсырмаларымен танысып, таңдалған пәндер бойынша өз білім деңгейін тексеруге мүмкіндік алып отыр. Биыл ерекше қажеттіліктері бар балаларға арнайы жағдай жасалды. ҰБТ кезінде қосымша 40 минут қосылды. Сонымен қатар биыл бұл талапкерлер үшін алғаш рет суретсіз, сызбасыз және диаграммасыз тапсырмалар әзірленді. Биылғы ҰБТ-ның тағы бір жаңалығы – әр пәнге жеке тақырыптық талдау жүргізу. Бұл балалардың өз білімін шыңдауына үлкен мүмкіндік. ҰБТ-ға дайындық бойынша тегін онлайн сабақтардың саны артты. Ең бастысы былтырдан бастап талапкерлерге калькулятор, Менделеев кестесін және тұздың ерігіштік кестесін пайдалануға рұқсат етілді. Бұл талапкерлер үшін керемет жеңілдік. Онлайн сынақ Ұлттық біліктілік тестілеуін тапсыратын педагогтер үшін де қолжетімді. Мұғалімдер prob-nqt.testcenter.kz сілтемесі арқылы сынақтан өте алады.