КТК телеарнасы Назарбаевтың арна акцияларын сатып алуына қатысты мәлімдеме жасады
КТК телеарнасы Назарбаевтың арна акцияларын сатып алуына қатысты мәлімдеме жасады
КТК телеарнасы акцияларын тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаев сатып алды деген ақпаратқа қатысты ресми мәлімдеме жасады.  Бұған дейін бірқатар басылым Нұрсұлтан Назарбаев КТК телеарнасының акцияларын сатып алды деп хабарлаған болатын.
"Тұңғыш президенттің акцияларды сатып алғаны туралы ақпарат жаңсақ екенін мәлімдейміз", – делінген хабарламада.
КТК телеарнасы 2022 жылғы 14 наурызда өз акционерлері арасында бір данасы 500 теңге тұратын 2 622 850 жай акция орналастырған. Оның ішінде 2 396 156 акцияны КТК телеарнасының ірі акционері – "Нұрсұлтан Назарбаев қоры" жеке қоры сатып алған.
"Оқырман қауымды жаңылыстырмау үшін әріптестерімізден болашақта ресми ақпаратқа сүйенуді және популистік тақырыптардан аулақ болуын сұраймыз", - делінген мәлімдемеде.
Мұндай мәміле КТК телеарнасын жаңғырту және дамыту мақсатында жасалған.