Алматыда Украина азаматы өзіне босқын мәртебесін беруді сұрады
Алматыда Украина азаматы өзіне босқын мәртебесін беруді сұрады
© РИА Новости
413
оқылды
Қазақстандық полицейлер Украина азаматына Қазақстанның мемлекеттік шекарасын Алматы әуежайы арқылы өтуге көмектесті, – деп хабарлайды Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі. Ведомствоның хабарлауынша, украиналық әйелдің өтінішінен кейін әуежай күзетшілері шекарадан өту кезінде туындаған мәселені шешуге бірден көмектескен. Оған тіпті фотографтың қызметі де берілгені нақтыланды. Көлік полициясының нақтылауынша, әйел "Босқындар туралы" ҚР Заңына сәйкес, оған босқын мәртебесін беру туралы өтінішпен жергілікті атқарушы органға жүгінген.