Жамбыл облысында оқ-дәрі қоймасындағы жарылысқа қатысты қылмыстық іс бойынша бұрынғы қолбасшы, генерал-майор Қайдар Қарақұлов ұсталды, – деп хабарлайды ІІМ баспасөз қызметі.
"Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығының бұрынғы қолбасшысы Қайдар Қарақұлов Жамбыл облысындағы оқ-дәрі қоймасындағы жарылыстарға қатысты қылмыстық іс бойынша ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды”, – делінген ақпаратта.Ол абайсызда жасады деген күдікке ілінді. 2021 жылғы тамыз трагедиясының салдарынан 17 адам қаза тауып, бір әскери қызметші із-түзсіз жоғалған болатын.