Елордада ер адамның қызға шабуыл жасаған сәті видеоға түсіп қалды
Елордада ер адамның қызға шабуыл жасаған сәті видеоға түсіп қалды
282
оқылды
Нұр-Сұлтанда ер адамның қызға шабуыл жасаған сәті бейнебақылау камераларына түсіп қалды.  Видеода қыздың артынан подъезге ере кірген бөтен ер адам оны баспалдаққа жібермей, қабырғаға қыса түсуге тырысады. Абырой болғанда, қыз одан сытылып кетіп, өз пәтеріне кіріп кеткен.
"Биыл 18 сәуірде сағат 22: 22-де "102" арнасына елорда тұрғынынан өзінің 16 жасар қызына үйдің кіреберісінде белгісіз ер адам тиіспек болғаны туралы хабарлама келіп түсті. Полиция қызметкерлері ер адамның жеке басын анықтау бойынша іздестіру іс-шараларын жүргізіп жатыр, алынған видео іс материалдарына тігіледі",– деп хабарлады Нұр-Сұлтан қаласы ПД баспасөз қызметі.