Таразда интернеттегі жарнамаға сенген тұрғын ақшасынан айырылды. Ол жүргізуші куәлігінің суретін алаяқтан 125 000 теңгеге сатып алған. Бұл туралы Жамбыл облыстық ПД хабарлады.
«Ер адам жоғалған жүргізуші куәлігін қалпына келтіру үшін Арнайы халыққа қызмет көрсету орталығына келді. Ол телефонындағы құжаттардың суретін көрсетіп, құжатын жоғалтып алғанын айтты», – дейді полицейлер.
Бірақ бұл азаматтың ҚР ІІМ ақпараттық ресурстарынан тексеру барысында Жамбыл облысы ТЖД ҰАП процессингтік орталығының қызметкерлері оның ешқашан жүргізуші куәлігін алмағаны анықталды.
Сонан соң ер адам WhatsApp арқылы белгісіз әйелдің теориялық және практикалық емтихандарды тапсырмай-ақ, оған жүргізуші куәлігін жасап беруге уәде еткенін айтты. Осы қызметі үшін жігіт алаяқтың банк картасына 125 000 теңге аударған. Әйел жүргізуші куәлігінің суретін ғана жіберіп, түпнұсқасы үшін тағы 80 000 теңге аударуды талап еткен.
Сотқа дейінгі тергеу басталды.