Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Жаңалықтар

Сенаторлар Түркі Академиясының Қазақстандағы қызметі туралы келісімді ратификациялады

А.Ахметқазы А.Ахметқазы
Сәуір 21, 2022
Сенатор

©Е.Үкібаев

152
қаралым

Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата отырысы өтті. Онда сенаторлар «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түркі Академиясы арасындағы Түркі Академиясын орналастырудың шарттары мен тәртібі туралы келісімді ратификациялау туралы» заңды қарап, қабылдады.

Бұл заң Халықаралық Түркі Академиясының Қазақстан аумағындағы жұмысын реттеуді көздейді. Атап айтқанда, Академияның жергілікті және шетелдік қызметкерлері еліміздің Сыртқы істер министрлігінде аккредиттеуден өтуге тиіс. Сондай-ақ Түркі кеңесінің және Түркі кеңесіне мүше мемлекеттердің туларын да Ұйымның ғимараттарында орналастыруға болады және құжатта тағы басқа бағыттар бойынша басымдықтар белгіленген.

Жалпы алғанда аталған Келісім түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастығын одан әрі нығайтуға арналған. Қазіргі таңда Түркі Академиясына Қазақстан, Қырғызстан, Әзербайжан және Түркия елдері мүше. Ал, Мажарстан бақылаушы ел мәртебесіне ие.

«Халықаралық Түркі академиясы түркітілдес мемлекеттер арасындағы ғылыми-гуманитарлық ынтымақтастықты дамыту жолында үлкен рөл атқарып келеді. Сондай-ақ бұл ұйым бауырлас халықтардың тарихи-мәдени мұраларын зерделеу бағытында нәтижелі жұмыс істеуде. Академияның ұйытқы болуымен жыл сайын көптеген маңызды еңбектер жарық көруде. Сол себепті ұйымның қызметін қолдаудың маңызы зор. Алдағы уақытта бұл заң Түркі Академиясына түркі әлеміне қатысты ғылыми зерттеулерді үйлестіретін халықаралық бірегей орталыққа айналуына және көздеген міндеттеріне қол жеткізу үшін қолайлы жағдай қалыптастыруға мүмкіндік береді», – деді Мәулен Әшімбаев.

Сонымен қатар Палата отырысында сенаторлар өздерінің депутаттық сауалдарын жолдады.

Сұлтан Дүйсембинов шығынынан гөрі табысы мол сала ретінде қалдықтарды басқарудың өңірлік жүйесін құруды ұсынды. Оның айтуынша, қазір жыл сайын 5 млн тоннаға жуық қалдық жиналса, оның 15 мың тоннасы ғана қайта өңделеді.

Ләззат Қалтаева ірі медициналық-әлеуметтік мекемелерде тұратын мүгедек адамдардың проблемаларын көтерді.

Ақылбек Күрішбаев су ресурстарын басқару жөніндегі ведомство құру қажеттігін айтып, оған су шаруашылығындағы жүйелі мәселелерді шешу бойынша кең өкілеттіктер беру мәселесіне тоқталды.

Әбдәлі Нұралиев Үкіметтен Тараз қаласында кәріз суларын тазарту кешенінің құрылысына жәрдемдесуді сұрады. Сенатордың сөзіне қарағанда, мұндай нысанның болмауы өңір тұрғындарының өмірі мен денсаулығына кері әсерін тигізеді.

Ләззат Рысбекова Орал жылу электр орталығының турбоагрегатын жөндеуді жалғастырудың маңызды екеніне назар аударып, бұл бағытта жүйелі жұмыс жүргізілмесе, облыс орталығындағы тұрғындардың жартысы электр жарығынсыз қалуы мүмкін екенін тілге тиек етті.

Ерік Сұлтанов Газ саласын дамытудың 2030 жылға дейінгі кешенді жоспарын бекітуді жеделдетуді ұсынды. Бұл құжат саланың өзекті мәселелерін, оның ішінде өңірлерді газдандыруды шешуге мүмкіндік береді.

Тегтер: Мәулен ӘшімбаевратификацияСенаторТүркі академиясы

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ескі тариф бойынша утильалым төлегендердің қаражаты қайта есептеледі

Қарағанды ​​мен Теміртауда банк клиенттерін 40 миллион теңгеге алдағандар ұсталды

Жаңа вирустың кесірінен аралар жойылып барады

Елордада автобуста оқушы қызға тиіскен күдікті 10 тәулікке қамалды

Өз балаларына миллион теңгеден аса ақша қарыз болған ер адам ұсталды

Футболдан Амангелді Сейітханов турнирі мәресіне жетті

Оралда Toyota бағанаға соғылып, 20 жастағы қыз көз жұмды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru

Liter.kz - новости Казахстана

Яндекс.Метрика
  • AMANAT
  • Жазылу
  • Байланыс
  • Редакция
  • Жарнама

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»