Қарағандыда науқас жігіттің дәрігерге шабуыл жасаған сәті видеоға түсіп қалды
Қарағандыда науқас жігіттің дәрігерге шабуыл жасаған сәті видеоға түсіп қалды
310
оқылды
Қарағандыдағы ауруханалардың бірінде науқас жігіт дәрігерге шабуыл жасаған сәті бейнекамераға түсіп қалған. Полицейлер жанжалға не себеп болғанын анықтап жатыр, – деп хабарлайды ҚазАқпарат.  Әлеуметтік желілерде бейнебақылау камерасынан алынған видео тарап кетті. Онда науқас дәрігерді жағынан ұрған сәті таспаланған. Жанжал Қарағанды қаласының Х.Ж. Мақажанов атындағы травматология және ортопедия облыстық орталығында болған. Видеода ер адам дәрігерді иығынан құшақтайды. Ол өз кезегінде жігіттің қолын алып тастайды. Алайда науқас бұл әрекетке ашуланып, дәрігердің бетінен ұра бастайды. Ауруханада дәрігерге шабуыл жасау фактісі бойынша полиция қылмыстық іс қозғады.
«Аталмыш факт тіркелді. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Тергеу жүріп жатыр», – деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.
Сонымен қатар бұл жағдайға қатысты денсаулық сақтау басқармасы да мәлімдеме жасады.
«16 сәуірде профессор Х.Ж. Мақажанов атындағы аурухананың жарақат пунктіне 1986 жылы туған ер адам оң жақ қол аумағындағы орташа ауырсыну мен ісінуге шағымданған. Науқастың айтуынша, ол  құлап, саусағын жарақаттап алған. Тексеру нәтижесінде «оң қолының жабық сынығы» диагнозы қойылып, бекітетін таңғыш салынған. Осыдан кейін пациент сүйектің қайта жылжуына жол бермеу мақсатында жедел емдеуге жіберілді. Алайда науқас гипс қоюдан үзілді-кесілді бас тартты. Ол дөрекі мінез танытып, кезекші травматологқа дене жарақатын салды», - деп хабарлады ведомстводан.
Зардап шеккен дәрігер құқық бұзушыны кешірмейтінін айтып, заңға сай жазалануын талап етпекші.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от ОБЪЯВЛЕНИЯ НОВОСТИ КАРАГАНДА (@vsya_karaganda)