Рудныйда студенттердің жаппай улануы бойынша тергеу басталды
Рудныйда студенттердің жаппай улануы бойынша тергеу басталды
171
оқылды
Рудныйдағы колледж асханасында студенттердің тамақтан жаппай улануына қатысты тексеру жұмыстары басталды. Бұл туралы санитарлық бақылау басқармасының ресми өкілі Ержан Байтанаев Facebook парақшасында жазды.
«2022 жылдың 21 сәуірі сағат 15:00-дегі жағдай бойынша, ауыр ішек инфекциясының белгілерімен Рудный тау-технологиялық колледжінің 35 студенті медициналық көмекке жүгінді. Оның 14-іне «Жіті гастроэнтерит» диагнозы қойылып, ауруханаға жатқызылды, қалғандарына амбулаториялық ем тағайындалды», - деді ведомстводан.
Рудный полиция басқармасы қозғаған қылмыстық іс аясында Қостанай облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті өңірлік басқармамен бірлесіп «S_SALTA» ЖШС жалға алған колледж асханасына жоспардан тыс тексеру жүргізуді бастады. Ведомство өкілдері студенттерден сауал алу барысында оларда жүрек айну, құсу, сұйық дәрет түріндегі ішек инфекциясы белгілері болғанын атап өтті. Зардап шеккендердің бәрі колледж асханасында тамақтанғаннан кейін ауырып қалған. Науқастардың жағдайы тұрақты, орташа ауыр деңгейде.
«Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау депратаменті мен аумақтық басқарма мамандары зертханалық тексеру үшін азық-түлік, су сынамаларын алған. Мамандар эпидемияға қарсы шараларды жүргізіп жатыр», - деп қорытындылады ведомстводан.