«Атырау мұнай өңдеу зауытына» қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды
«Атырау мұнай өңдеу зауытына» қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды
552
оқылды
Атырау облысы бойынша Монополияға қарсы департамент өңірлік прокуратурамен бірлесіп, Атырау мұнай өңдеу зауытының үстем жағдайын теріс пайдалану дерегін анықтады - деп хабарлайды Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің баспасөз қызметі.
Монополияға қарсы департаменттің қорытындысы іс жүргізу шешімін қабылдау үшін Атырау облысының прокуратурасына жіберілді, – деп хабарлады ҚР Бәсекелстікті қорғау және дамыту агенттігі.
Ведомствоның хабарлауынша, өңірлік прокуратура ҚР Қылмыстық кодексінің 221-бабы «Монополистік қызмет» бойынша «АМӨЗ» ЖШС қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады. Іс 2020-2021 жылдары шикі мұнайды қайта өңдеу бойынша қызметтерге монополиялық жоғары бағаны белгілеу фактісі бойынша Атырау облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне жолданды.