Қоғамдық кеңестер жұмысы жандана түсуде
Қоғамдық кеңестер жұмысы жандана түсуде
299
оқылды
«AMANAT» партиясы Алматы қалалық филиалының Кәсіп­кер­­­лікті қолдау жөніндегі Қо­ғам­­дық кеңесінің биылғы ал­ғаш­қы оты­рысы жаңа құраммен өтті. Жиынға кеңес мүшелерінен бө­лек партияның қалалық филиалы­ның Атқарушы хатшысы Мейіржан Отыншиев, мәслихат депутаты Алтынай Көбеева, Алматы қаласы Креативтік индустриялар мен Кәсіп­керлік және инвестициялар басқармаларының мамандары, сарапшылар және бизнес саласының өкілдері қатысты.⠀ Отырыста «AMANAT» партия­сының Сайлауалды бағдарлама­сын­да көрсетілген креативтік индустрия саласындағы негізгі басымдықтар мен кемшіліктер сын тезінен өт­кізілді. Сондай-ақ жеке бастама­ларды қаржылай қолдау жөніндегі қалалық бағдарламаны іске асыру барысы талқыланды. Аталған ба­ғыт­тар бойынша атқарылып жатқан жұ­мыстар туралы Алматы қаласы­ның жергілікті атқарушы орган­дарының өкілдері баяндама жасады. Мұнда партияның Сайлауалды бағ­дарламасын жүзеге асыру ая­сында жасалып жатқан креативті жобалар таныстырылды. Сондай-ақ алдағы уақытта жұ­мысты жүйелендіру мақсатында бірнеше ұсыныстар берілді. Атап айтар болсақ: орта және шағын биз­несті дамыту үшін мемлекет тара­пынан бөлінетін қаржының тиімді жұмсалуына бақылауды күшейту және талдау жасау; креативтік ин­дус­трия саласын дамытуға бағыттал­ған бағдарламаларды қайта қарау. Кеңес мүшелері қаржылай қолдау көрсетілетін жобалардың маңызына баса назар аудару керегін айтты. Жиын соңында кеңес төрағасы, мәслихат депутаты Қайрат Құдай­бер­ген аталған бағыттағы жұмыстар­дың алдағы уақытта да жалғасын табаты­нын айтты. Сонымен қатар сәуір айы­ның соңына дейін Алматы қала­лық жұмыспен қамту орталы­ғының және Креативтік индус­триялар бас­қармасы басшыларының қатысуымен кеңес отырысы қайта өтетінін жет­кізді.