Қайрат Құдайберген адамдарды «Дикий Арманның» төңірегіне топтасуға шақырған – прокуратура
Қайрат Құдайберген адамдарды «Дикий Арманның» төңірегіне топтасуға шақырған – прокуратура
Фото: yandex.kz
220
оқылды
Алматы прокуратурасының мәліметінше, кәсіпкер Қайрат Құдайберген ұсталды. Ол Алматы қаласы Полиция департаментінің уақытша ұстау орнына қамалды. «Алдын ала тергеу бойынша Қ.Қ. Құдайберген А.Б. Жұмагелдиевпен («Дикий Арман» деп аталатын) бірге «Қазақстан» қонақ үйінде адам жинауды ұйымдастырып, Жұмагелдиевтің айналасына бірігуге, оны қолдауға және биліктің бірыңғай талаптарын ұсынуға шақырғаны, сондай-ақ 10 адамнан «ұяшықтар» бойынша бөліп және олардың топтарының ерекшеліктерінің белгісі ретінде қолдарына ақ таңғыштарды таңуға нұсқау бергені анықталды. Содан кейін Құдайберген мен Жұмагелдиев жинаған топ алаңға шығып, Жұмагелдиев төңірегіндегі митингілерді біріктіруге, алаңда жедел штаб ұйымдастыруға және билік алдында бірыңғай талаптар қоюға тырысқан» делінген ресми хабарламада. Прокуратураның мәліметінше, екеуі ұйымдастырған заңға қайшы акция жаппай төбелеске ұласқан. «Құдайбергеннің жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыруы мен қатысуы «Қазақстан» қонақүйінен, Жұмагелдиев тобының ұсталған қатысушыларының ұялы телефонынан алынған бейнежазбалармен, куәгерлердің айғақтарымен расталады» делінген прокуратура хабарламасында.