Ақтөбеде әйелінен қорыққан ер адам 23 млн теңгесін танысына ұрлатқан
Ақтөбеде әйелінен қорыққан ер адам 23 млн теңгесін танысына ұрлатқан
© azattyq-ruhy.kz
292
оқылды
Ақтөбе тұрғыны әйелінің қаһарынан қорқып, 23 млн теңгесін ұрлатып алғандай кейіп танытқан, – деп хабарлады облыстық полиция департаменті. 4 сәуір күні №2 қалалық полиция бөлімшесіне 29 жастағы Ақтөбе тұрғыны жүгінген. Ол қомақты соманың ұрланғанын хабарлаған. Жәбірленушінің айтуынша, белгісіз адамдар оның Lada Priora автокөлігінен полиэтилен пакетін ұрлап әкеткен. Ал оның ішінде 23 млн теңге болған.
"Полиция қызметкерлері қылмыстық істі тергеу барысында жедел шаралар атқарып, нәтижесінде жәбірленушінің сөзі шындыққа жанаспайтынын анықтады. Ұрлық қаланың басқа ауданында жасалған. Дәлелдер келтірілген соң ер адам ақша ұрлығын ойлап тапқанын мойындады. Ақшаны өзінің танысына ұрлатқанын айтты", - деп хабарланды полициядан.
Шын мәнінде, жәбірленуші жұбайына айтпай, ақшаны ұтысқа тіккен. ҚР Қылмыстық кодексінің 419-бабы 3-бөлігі (Көрінеу жалған сөз жеткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Осы баптың санкциясында сегіз жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.