Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Жаңалықтар

Елордада бұрыс тұрақ автоматты режимде тіркеледі

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 597-бабына сәйкес 5-тен 10 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салу түріндегі жауапкершілік көзделген.

Рая Мінап Рая Мінап
Сәуір 22, 2022
© liter.kz

© liter.kz

31
қаралым

2 сәуірден бастап бос орындарға көліктердің тоқтап тұруын автоматты түрде реттейтін жүйе енгізіледі. Елорда жолдарында бұрыс тұрақ полиция қызметкерлерінің қатысуынсыз тіркелетін болады, – деп хабарлады «Астана тұрақ кеңістігі». 

Елорда жолдарында құқық бұзушылық деңгейін төмендету мақсатында «Астана тұрақ кеңістігі» ЖШС-нің арнайы көліктерімен жабдықталған «Дозор-М» фото-бейнетіркеу кешендері арқылы көліктердің аялдамасы мен тұрағы тіркелетін болады.

«Дозор-М» кешендері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес міндетті сертификаттаудан және тіркеуден өтті. Автомобильдердің белгіленбеген жерде болу фактілерін анықтау көлік құралының нақты уақыты мен орнын анықтайтын және тіркейтін GPS/ҒНСЖ жүйесінің көмегімен жүзеге асырылады.

Көлік құралдарын тоқтату немесе тұраққа қою ережелерін бұзғаны үшін Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 597-бабына сәйкес 5-тен 10 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салу түріндегі жауапкершілік көзделген.

Белгіленбеген жерде көлік қою жол жағдайын қиындатады, құқық бұзушылықтың кең таралған түрлерінің бірі болып табылады. «Дозор-М» бағдарламалық-аппараттық жүйелерін пайдалану жалпы өткізу қабілетінің жай-күйіне оң әсер етеді, жол қозғалысына қатысушылар арасындағы құқық бұзушылықтардың санын азайтады және жүргізушілердің тәртібін жақсартады, бұл елорда жолдарындағы құқық бұзушылық жағдайларын барынша азайтады.

«Жүргізушілер арасындағы құқық бұзушылықтың жалпы санын азайту мақсатында Нұр-Сұлтан қалалық полиция басқармасының Әкімшілік полиция басқармасының ұсынысымен жүзеге асырылды. Даулы жағдайларды полиция қызметкерлері қарастырады. Айыппұлдан түскен барлық қаражат қала бюджетіне түседі», – делінген хабарламада.

2022 жылдың 1 наурызынан бастап нөмірленуі 11**, 2***, 3***, 4*** басталатын ақылы автотұрақ аймақтары елорда әкімдігінің қаулысына сәйкес жұмыс режиміне көшірілгенін естеріңізге саламыз. Ақылы тұрақтардың жұмыс уақыты: жұмыс күндері 8:00-ден 20:00-ге дейін. Төлем 100 тг/сағат. Ережеге сәйкес, ақылы тұрақта тоқтағаннан кейін төлемін алғашқы 30 минутта төлеу қажет. Демалыс және мереке күндері автотұрақ тегін.

Тегтер: Елордарежимтіркеутұрақ

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматылықтарға демалыс күндері сыртқа шықпау ескертілді

Талдықорғанда жаппай төбелес болып, күзетші соққыға жығылды

Ақтөбеде қаржы пирамидасын құрған күдіктіге іздеу жарияланды

Ертіс өзенінен әйелдің денесі табылды

Қарағандыда 54 миллион теңгенің рельсі ұрланды

Шымкентте ер адам әйелін көшеде соққыға жықты

Қазақстанда қант тапшылығы жоқ

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru

Liter.kz - новости Казахстана

Яндекс.Метрика
  • AMANAT
  • Жазылу
  • Байланыс
  • Редакция
  • Жарнама

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»