Министр галстугін сыйлады
Министр галстугін сыйлады
270
оқылды
Түркістан облысында ұйымдастырылған республикалық семинар-кеңесте  Ауыл шаруашылығы министрі жас диқанға галстугін сыйлады. Бұл туралы Түркістан облысының баспасөз қызметі хабарлады. «Егістен сөреге дейін» жобасы аясында ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізу нарығын кеңейту жолдары талқылау мақсатында Түркістан өңірінің диқандары мен кәсіпкерлері жиналған болатын. Жиында егістікті әртараптандыру, мол өнім алу тәсілдері, тамшылатып және жаңбырлатып суғару технологиялары, топырақты өңдеу, жерді тыңайту жөніндегі мәселелер көтерілді. Оған ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев пен өңірлерден келген кәсіпкерлер, облыс әкімі мен орынбасарлары да қатысты. Артынан семинар қатысушылары шаруаларға сұрақтарын қойып, тиісті кеңестерін алды. Түркістан облысында жеке қосалқы үй шаруашылықтарын дамыту, яғни, үйіргелік шаруашылығы жақсы дамып келеді. Оның жүзеге қалай асып жатқанын бақылаған жиын қатысушылары Сайрам ауданындағы шаруалардың үйіне барды. Сөйтіп, Түркістан облысының диқандары мен кәсіпкерлерінің еңбегіне тәнті болған ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев жас диқанға өзінің галстугін сыйға тартты.