Бүгін еліміздің барлық өңірлерінде Саяси кеңестердің отырыстары өтті. Оның қорытындысы бойынша «AMANAT» партиясының кезектен тыс XXIII Съезіне 403 делегат сайланды. Бұл туралы партияның Атқарушы хатшысы Асхат Оралов Facebook парақшасында мәлімдеді.
Өздеріңіз білетіндей, Мемлекет басшысы, партия Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шешімімен «AMANAT» партиясының кезектен тыс XXIII Съезі 26 сәуір күні өтетін болып белгіленді. Іс-шара барысында «ADAL» саяси партиясының «AMANAT» партиясына қосылуы туралы мәселені қарау жоспарлануда.