Түркістан облысында лауазымды полицей «өзінше билік ету» күдігімен қамауға алынды
Түркістан облысында лауазымды полицей «өзінше билік ету» күдігімен қамауға алынды
© janalyq.kz
249
оқылды
Шымкент қалалық полиция департаменті Өзіндік қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері Түркістан облысындағы Түлкібас аудандық полиция бөлімінің бастығын ұстады. Ол «өзінше билік етті» деген күдікпен қамауға алынды, - деп хабарлады қалалық ПД баспасөз қызметі.  Күдікті қазір уақытша ұстау изоляторында отыр. «ҚР ҚК-нің 389-бабы «өзінше билік ету» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды» делінген баспасөз қызметінің хабарламасында. Бұған дейін әлеуметтік желіде Түлкібас аудандық полиция бөлімі бастығының Шымкенттегі автосалондардың бірінен көлікті заңсыз айдап кеткені туралы ақпарат тараған еді. Полиция подполковнигінің «GCA-Оңтүстік» ЖШС-не қарасты автосалоннан «Киа Саренто» көлігін өз бетімен мініп кеткені айтылған болатын.