Сауль "Канело" Альварестің (57-1-2, 39 КО) қазақстандық Геннадий Головкинмен (42-1-1, 37 КО) жекпе-жек алдында өтірігі ашылды.
Вoxing247.com мәліметінше, мексикалық жанкүйерлеріне өтірік айтып келеді.
"Канело" 7 мамырда Дмитрий Биволдан (19-0, 11 КО) жеңілсе де, қыркүйекте Головкинмен айқасуы керек.
Басылым осы екі жекпе-жекке қатысты "Канелоның" мәлімдемесін сынға алды.
"Альварес 2018 жылдан бері сұрап келе жатқан айқасқа биыл ғана келісіп, "тек жанкүйерлер үшін ғана" деуі қаншалықты рас? Негізгі себеп ақша емес пе деген ой туады. Ал Головкин "Канелоның" арадағы текетірес "жеке басқа қатысты" дегеніне тіптен таң қалуда, өйткені, шешуші айқас өткізуге төрт жыл қажет болды. Өш алғысы келген адам осынша күте ме? Кейбір жанкйүерлер "Канело" Головкинге екі мәселе бойынша ренжулі деп есептейді. Біріншіден, оның жеңісін Геннадийдің ақысын жеу дегеніне. Екіншіден, Сауль допинг дауына іліккенде қазақстандық боксшы оның сиыр етіне қатысты болғанын тексермей жатып пікір білдірді", - деп жазады басылым.