Қауіпті заттарды өткізбейді
Қауіпті заттарды өткізбейді
255
оқылды
Мәжіліс Спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен бюро отырысы өтіп, онда алдағы жалпы отырыстың күн тәртібінің жобасы нақтыланды. Бюро отырысында депутаттардың бастамасымен әзірленген мүгедектігі бар адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын бірінші оқылымда қарау ұсынылды. Заң жобасы «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы шеңберінде іске асырылуда. Сонымен қатар мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау саласындағы заңнаманы жетілдіруге бағытталған. Отырыс барысында Мәжіліс депутаттары Қазақстан мен Қытай арасындағы Ядролық, радиоактивті материалдарды, радиоактивті қалдықтарды және радиациялық-қауіпті заттарды заңсыз өткізуді болғызбауға бағытталған өзара іс-қимыл жөніндегі келісімді ратификациялау туралы заң жобасын қарайтын болады. Сондай-ақ Мәжілістің Палата комитеті алдағы жалпы отырыста жаһандық жасыл өсу институтын құру туралы келісімді ратификациялау туралы заң жобасын жұмысқа алатын болады.