Тарих ғылымдарының докторы, археология профессоры, Германия археологиялық институтының, Қоғамдық ғылымдар академиясының корреспондент-мүшесі, әлемге әйгілі ғалым Виктор Зайберт 75 жасында өмірден озды.
Виктор Зайберт 1947 жылы Солтүстік Қазақстан облысының Есіл ауданына қарасты Николаевка ауылында дүниеге келген. Солтүстік Қазақстан аумағындағы тас дәуірінің ескерткіштерін зерттеу саласындағы маман бірнеше ғылыми жаңалық пен Солтүстік Қазақстанның ежелгі тарихына арналған 100-ден астам кітап пен мақала жазған.
Виктор Федорович – тарих ғылымдарының докторы, археология профессоры, Берлин қаласындағы Герман археологиялық институтының және Қазақстанның Әлеуметтік ғылымдар академиясының корреспондент-мүшесі, Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің «Ботай» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК-нің ғалым хатшысы болды. Қоғамдағы өзара келісімді сақтау жөніндегі жемісті жұмысы, халықтар арасындағы бейбітшілікті, достық пен ынтымақтастықты нығайтуға сіңірген еңбегі үшін ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапатталған. Ғалым өмірінің 40 жылдан астам уақытын Қазақстан және бүкіл Еуразия құрлығының ежелгі тарихын зерттеуге жұмсаған. Дүниежүзінде бірінші болып, Солтүстік және Орталық Қазақстан далаларында б.э.д. IV ғ. жылқы малының қолға үйретілгенін ғылыми түрде дәлелдеген. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев археолог-ғалым Виктор Зайберттің жақындары мен туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады.