Шардарада күйеу баласы енесінің алтын бұйымдарын ұрлаған
Шардарада күйеу баласы енесінің алтын бұйымдарын ұрлаған
Сурет: akufh1110
350
оқылды
Түркістан облысы Шардара ауданында күйеу баласы енесінің алтын бұйымдарын ұрлап кеткен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. Жәбірленуші алтын бұйымдары мен бриллианттары қолды болғанына байланысты полицияға арызданады. Шардара АПБ қызметкерлері дереу арада жедел-іздестіру шараларын жүргізіп, күдікті анықтаған.
«Ол жәбірленушінің күйеу баласы болып шықты. Күдікті ұрлаған алтындарды үйінің ауласындағы гаражына жасырып, сатуға оңтайлы сәтті күткен. Полицейлер күдіктіден айғақты зат ретінде алтын бұйымдарды тәркілеп, заңды иесіне қайтарды. Қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүріп жатыр», - делінген облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарламасында.