Балқашта пойыз ер адамның екі аяғын кесіп кетті
Балқашта пойыз ер адамның екі аяғын кесіп кетті
278
оқылды

Балқашта пойыз басып кеткен вагон жөндеуші екі аяғынан айырылды. Рельсте жүрген вагон жөндеуші қауіпсіз жерге қашып үлгермеген.

Пойыз машинисі сағат 23.45 шамасында рельсте жүрген ер адамды көріп, шұғыл тежегішті қолданғанын, бірақ бұл қайғылы жағдайдың алдын алуға жеткіліксіз болғанын айтты.
Зардап шеккен жұмысшы ауыр халде ауруханаға жатқызылды.
"Ер адам Балқаш қаласының орталық қалалық ауруханасына жеткізілді. Оқиғаның мән-жайы сотқа дейінгі тергеу барысында анықталады", - деп хабарлады Patriotnews.kz Балқаш стансасы полициясы желілік бөлімінің бастығы Темірлан Машраповқа сілтеме жасап.