Қарағанды облысында екі бала терезеден құлап кетті, деп хабарлайды облыстық ТЖД баспасөз қызметі.
«23 сәуірде Теміртау қаласының Шевченко көшесіндегі бір қабатты жеке тұрғын үйде ата-анасының қарауынсыз қалған бала баспалдаққа көтеріліп, абайсызда үйдің сыртқы баспалдағынан құлап кеткен. Баспалдақтың биіктігі 3 метр. 2020 жылы туған қыз ауруханаға жатқызылды», - делінген хабарламада.
Қарағанды қаласында да осындай оқиға болды. 2013 жылы туған бала 3-қабаттың терезесінен құлаған. Ол да ауруханада жатыр.