Бүгін ауа райы қандай болады?
Бүгін ауа райы қандай болады?
Фото: vsegda-pomnim.com
144
оқылды
«Қазгидромет» 25 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады. Орталық, шығыс, оңтүстік, оңтүстік-шығыста жауын-шашын, оңтүстік пен оңтүстік-шығыстың таулы, таулы аудандарында жаңбыр, қар күтіледі. Тек еліміздің батысы, оңтүстік-батысы, солтүстігі, солтүстік-шығысы жоғары қысымды алқабында болатындықтан, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республика бойынша тұман, желдің күшеюі, оңтүстік-батыста – шаңды дауыл, оңтүстік өңірлерде найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі, жел 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейеді. Түнде солтүстікте, батыста, таулы аудандарда, күндіз Түркістан облысының таулы аудандарында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді. Алматы облысының оңтүстігінде, таулы, тау бөктері аудандарында бұршақ, дауыл, найзағай күтіледі, желдің күші 17-22 м/с. Күндіз Қарағанды облысының оңтүстігінде найзағай күтіледі, облыстың оңтүстігінде жел 15-20, екпіні 25 м/с күшейеді. Күндіз Маңғыстау облысының оңтүстігінде, батысында шаңды дауылмен 15-20 м/с жел күшейеді. Түнде және таңертең Ақмола облысының оңтүстігінде тұман күтіледі, түнде облыстың оңтүстігінде – жел 15-20 м/с күшейеді. Түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман, облыстың оңтүстігінде-жел 15-20 м/с күшейеді. Түнде Қызылорда облысының орталығында жел 15-20 м/с күшейеді. Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында, түнде Атырау облысының батысында – тұман.