Павлодар облысында мал ұрлаған қылмыстық топ ұсталды.
Polisia.kz-тің дерегінше, арнайы операция кезінде төрт адамнан тұратын қылмыстық топтың ұрлығы әшкере болды.
«Қылмыстық топ Павлодар облысы Май ауданының Жақабай жайылымы маңынан 40 бас ұрланған жылқыны айдап кетіп бара жатқан кезінде ұсталды. Павлодар мен Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары екені анықталды. Жылқыны Шығыс Қазақстаннан ұрлаған.
Олардың 13 сәуірде ШҚО-ның тағы бір басқа тұрғынына тиесілі 23 бас жылқыны ұрлағаны белгілі болды, – деді ПД бастығының орынбасары Болат Нұрсейітов.
https://youtu.be/i6Xwc-FNwsU
Ұсталғандар қамауға алынды.