Тұңғыш Президенттің мәртебесі Конституцияда бекітіледі
Тұңғыш Президенттің мәртебесі Конституцияда бекітіледі
© elbasy.kz
501
оқылды
Конституциялық кеңестің аппарат жетекшісі Бақыт Нұрмұханов Тұңғыш Президенттің Ата заңдағы мәртебесіне қатысты журналистер сауалына жауап берді. 
«Конституцияда 46-бап болмайды. Ал 91-бапта Тұңғыш Президенттің мәртебесіне қатысты «Тәуелсіз Қазақстанның негізін қалаушы» деген сөз ғана қалады. Басқа ешқандай сөз жоқ», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихаты барысында БАҚ өкілдерінің сауалына орай.
Сонымен қатар ол қазіргі Конституцияда Тұңғыш Президент Конституциялық кеңестің мүшесі бола алады деген бап бар екенін айтты.
«Бірақ, Конституциялық сот саяси орган саналады. Енді Конституциялық сот болған кезде ол жерде нағыз мамандар, заңгерлер отыруы керек. Сол үшін бұрынғы Президенттер мүше, судья, сот бола алмайды. Яғни, өкілеттігі жоқ», – деді Бақыт Нұрмұханов.