«Бүгінгі таңда жел салдарынан зақым келген білім ұяларының шатырларын қалпына келтіру үшін облыстық білім басқармасына қаржы қарау бойынша хат жолданды. Ал, 2 көпқабатты тұрғын үйдің шатыр жабындылары мекеме тарапынан қалпына келтіріледі. Қала көшелеріндегі 5 электр бағаналарының құлау салдарынан жарық желілері үзіліп, қаланың біраз бөлігінде жарық өшті. Адам шығыны болған жоқ»,--дейді Кентау қаласының баспасөз қызметі.Сонымен қатар, қала тұрғындарының 5 автокөлігіне зақым келген. Адам шығыны жоқ. Қаладағы "Жұлдыз" балабақшасының шатырын қалыпқа келтіргенше, балаларды балабақшаға қабылдамау жөнінде нұсқаулық беріліпті.
Бүгінде әкімдік тарапынан жел салдарынан құлаған 200-ден аса тал кесіліп, орындары тазаланған. Қала әкімдігі тарапынан табиғаттың тосын мінезінен келген зардап мөлшеріне зерделеу жұмыстары жүргізілуде.
Н. НАЗАРБЕК.