Алматының Алатау ауданында жеке үйдің ауласында бір жасар баланы көлік басып өлтірді.
Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға 24 сәуір күні болған.
Жеке үйдің ауласынан шығып бара жатқан «Mitsubishi Delica» көлігінің 36 жастағы жүргізушісі баланы байқамай басып кеткен.
2021 жылы туған бүлдіршін алған жарақатынан жедел жәрдем келгенше оқиға орнында көз жұмды.
«Аталған дерек негізінде ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сараптамалар тағайындалды»,- деді Алматы қалалық полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.