Қарағанды облысында қарттар үйінің меңгерушісі ұсталды
Қарағанды облысында қарттар үйінің меңгерушісі ұсталды
259
оқылды
Қарағанды облысында қарттар үйі тұрғындарының зейнетақы төлемдері мен жәрдемақыларын ұрлау фактісі бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр. Қаржылық мониторинг агенттігінің хабарлауынша, әлеуметтік нысанда 90 адам қамқорлыққа алынған, оның 30-ы - мүгедек, 60-ы - зейнеткер. Осы қылмысты жасады деген күдікпен Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлігінің 3-тармағы бойынша Қарағанды ​​облысындағы қарттар үйінің меңгерушісі және әлеуметтік қызметкері ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қарағанды ​​облыстық соты қарттар үйінің басшысына қатысты 2 ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.
«Тергеу жалғасуда, тергеу мүддесіне қатысты басқа мәліметтер жария етілмейді»,-делінген хабарламада.