Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға ресми сапармен келген Қытай Халық Республикасы Мемлекеттік кеңесінің мүшесі, Қорғаныс министрі Вэй Фэнхэні қабылдады.
Қазақстан Президенті өзінің 2019 жылғы қыркүйекте Пекинге мемлекеттік сапары мен биылғы ақпанда ҚХР-ға жұмыс сапары барысында қол жеткізілген маңызды уағдаластықтардың жүзеге асырылуына оң баға берді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Төрағасы Си Цзиньпиннің биылғы қыркүйекке жоспарланған мемлекеттік сапарына Қазақстанның үлкен үміт артып отырғанын атап
өтті.
Мемлекет басшысы қазақстандық әскери қызметшілердің БҰҰ бітімгершілік операцияларындағы қатысу географиясын кеңейтуге еліміздің дайын екеніне баса мән берді. Осыған байланысты Президент Пекиннің аталған әмбебап ұйым аясында ұжымдық миссия өткізу туралы бастамасын қолдады.
Өз кезегінде Вэй Фэнхэ Қытай тарапының осы саладағы өзара тиімді кооперацияны одан әрі дамытуға дайын екенін растады. Сонымен қатар кездесуде халықаралық және аймақтық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер қарастырылды.